Accessibility links

AP: АҚШ Украинаға сепаратистердің бірқатар талаптарына келісуді ұсынады


Бірнеше мемлекет әскері қатысқан Украинадағы әскери жаттығу. 2019 жыл.
Бірнеше мемлекет әскері қатысқан Украинадағы әскери жаттығу. 2019 жыл.

АҚШ Украинаға ресейлік жікшілдер қолдаған бірқатар аймақтарға белгілі бір деңгейде "автономия" беруді сұрайды. Бұл туралы Associated Press АҚШ әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Материалда айтылғандай, Вашингтонның алдында күрделі мәселе тұр – бір жағынан Украинаны Донбаста сәл шегінуге баруға көндіру керек болса, екінші жағынан бұл Ресей лидері Владимир Путиннің жеңісі ретінде есептеліп қалмауы керек.

АҚШ-тың Киевтегі бұрынғы елшісі Стивен Пайфердің айтуынша, Донбаста денсаулық сақтау, білім беру және құқық қорғау органдары саласына өзін-өзі басқару ұсынылуы мүмкін.

AP агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап, Украина Донбасс аймағының тіл және мәдени өзгешеліктерін есепке алуға дайын. Бірақ олардың жалпы ұлттық шешімдерді қабыл алуда вето қою құқығына ие болуына қарсы.

Украина құрамында Донецк пен Луганск облыстарынан бірқатар аймақтарына ерекше мәртебе беру 2015 жылы құрылған Минск келісімінде қаралған. Бірақ ол әлі атқарылмай келеді. АҚШ бұл келісімге қатысқан емес, бірақ оны қолдайтынын білдіріп келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG