13 желтоқсанда Еуропа одағы әлемдегі конфликтілер кезінде адам құқығын бұзғаны үшін Ресейдің бейресми әскери бөлімшесі - "Вагнер жеке әскери компаниясына" санкия салатынын ресми түрде хабарлайды.
- Еуропа одағы елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельдегі кездесуінде "Вагнер жеке әскери компаниясы" мен бұл ұйымға қатысы бар өзге үш ұйым санкция тізіміне қосылатынын хабарлайды,- дейді Еуропа одағының өкілдері.
Санкцияда Еуропа одағы елдеріне кіруге тыйым салу, олардың Еуропа одағындағы кез келген активтерін бұғаттау, заңды және жеке тұлғалардың олармен бизнестің кез келген түрін жасауына тыйым салу мәселесін қарастырады.
Батыс елдері Украина, Ливия, Сирия, судан, Мозамбик және Орталық Африка республикаларындағы қарулы конфликтілер кезінде Ресейді "Вагнер жеке әскери компаниясын" пайдаланды деп айыптайды.
Ресей бұл айыпты теріске шығарып, көптеген айғақтарға қарамастан "Вагнер жеке әскери компаниясының" мүшелерін "нұсқаушылар" мен "кеңесшілер" деп сипатттайды.
Батыс "Вагнер жеке әскери компаниясының" демеушісі Ресей президенті Владимир Путин айналасында жүрген бизнесмен Евгений Приогжин деп санайды. Еуропа одағы мен АҚШ санкциясына іліккен Пригожин бұл компаниямен қатысы барын жоққа шығарады.
ПІКІРЛЕР