Accessibility links

Нұр-Сұлтан соты краншылардың мәселесін көтеріп жүрген Сәуле Сейдахметованы 10 күнге қамады


Белсенді Сәуле Сейдахметова.
Белсенді Сәуле Сейдахметова.

13 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы әкімшілік сот краншылар мәселесін көтеріп жүрген белсенді Сәуле Сейдахметованы "заңсыз митингіге қатысты" деген айыппен 10 тәулікке қамады. Бұл ақпаратты Азаттыққа қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова растады.

Сөзінше, 55 жастағы Сейдахметова жыл бойы бірнеше рет "заңсыз митингіге қатысты" (Әкімшілік кодекстің 488-бабы 11-тармағы) деп айыпталып, қамалған.

"Белсенділігім жұмысыма әсер етеді". Краншы һәм белсенді Сәуленің қауіпті жұмысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:22 0:00

Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, Сейдахметова 13 желтоқсанда таңертең полицияға шақырту алған. "Белсенділер экстремист емес" тобы жариялаған шақырту суретінде қылмыстық істің нөмері, тергеуші қолы және полицияға шақыртылған адамның статусы көрсетілмеген.

Кран машинисі Сәуле Сейдахметова биыл бірнеше рет краншылар наразылығына қатысқан. Қаңтарда ол "заңсыз митингіге шақырды" деген айыппен он күнге қамалып шыққан еді. Сейдахметова полиция ұстағанда соққыға жығылғанын айтқан.

Құқық қорғаушылар елде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні және Жаңаөзен оқиғасы болған күн қарсаңында белсенділер ұсталып жатқанын айтады. Қазірге дейін кемі 12 белсенді ұсталып, қамауға алынды. Қазақстанда атаулы күндер қарсаңында белсенділерді ұстау әдетке айналған.

16 желтоқсан қарсаңында белсенділер қамалып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:44 0:00

5 желтоқсанда Алматыда белсенді Айдар Мүбәраков 27 қарашадағы наразылыққа қатысқаны үшін "бейбіт митинг өткізу заңын бұзды" деген айыппен 15 күнге қамалды. Оның изоляторда аштық жариялағаны хабарланды.

7 желтоқсанда Алматының әкімшілік соты белсенді Ерлан Файзуллаевты да 15 күнге қамады. Ол да 27 қарашада наразылыққа шыққаны үшін қамалды. Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, Файзуллаев та қамауда қарсылық ретінде аштық жариялаған.

10 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда белсенді Болатбек Біләлов та "бейбіт митинг өткізу заңын бұзды" деп 15 күнге қамалды.

Қазақстанда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні ретінде атап өтіледі. Елде бұл күні 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен және 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын да еске алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG