Accessibility links

Ұлыбританияда "Омикронмен" байланысты бірінші адам өлімі тіркелді


Борис Джонсон.
Борис Джонсон.

Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі "Омикрон" штамымен байланысты бірінші адам өлімі тіркелді. Бұл жөнінде дүйсенбі күні Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон хабарлады. Ол оқиғаның жай-жапсарына тоқталмады.

Премьер-министр "Омикрон" жұққан бірнеше адамның ауруханаға түскенін растады. Жалпы елде коронавирустың жаңа штамы мыңнан астам адамнан анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, шамамен үш апта бұрын Оңтүстік Африкада анықталған "Омикрон" алдыңғы штамдарға қарағанда жылдам тарайды және іс жүзінде вакцина қалыптастырған ағзаның қорғаныс қабілетін ішінара "жояды". Сарапшылар "Омикронға" шалдыққан науқастардың басым бөлігінің ауруы асқынбайтынын айтады.

Жуырда телеарнадан халыққа үндеу жолдаған Джонсон барлық ересек азаматтарды Жаңа жылға дейін вакцинаның үшінші дозасын салдыруға шақырды: мамандардың айтуынша, қосымша доза коронавирустың жаңа штамынан қорғайды. Джонсонның айтуынша, "Дельтаға" қарағанда "Омикрон" ауруды асқындырмаса да, тез тарап, ауруханаларды науқастармен жылдам толтырып жіберуге ықпал етуі мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG