"Персеполис" командасынан шақырту алып, Иранға кеткен екі тәжік футболшысы бес аптадан бері келісім-шартқа отыра алмай жүр.
Вахдат Ханонов пен Манучехр Сафаров қазір Тегерандағы қонақ үйлердің бірінде тұрып жатыр. "Персеполис" командасының трансфер өткізетін уақыты аяқталған, шақырту алған футболшылардың енді не істейтіні белгісіз.
Ирандағы танымал клубқа тәжік футболшыларының шақыртылғаны туралы жаңалық Тәжіктан ақпарат құралдарында екі ай бойы сөз болды.
Вахдат Ханонов пен Манучехр Сафаров Иранда жергілікті команда сапында жаттығып, бірнеше жолдастық кездесу өткізген.
"Тегеранда өмір жақсы, қонақжай халық. Бөтен адамдай сезінбеймін. Иран мен тәжік мәдениетінің арасында өзгеріс жоқ", - деген Вахдат Ханонов.
20 жастағы Манучехр Сафаров Тәжіктан құрамасы сапында 14 матч өткізген.
"Персеполис" аргентиналық бұрынғы бас бапкерге қарызын толық өтей алмай, соның салдарынан жаңа ойыншы да тарта алмай қалған. Мәселе 13 желтоқсанда шешілгендей болған. Дегенмен "Персеполис" жаңа футболшылармен қашан келісім-шарт жасайтынын айта алмай отыр.
Transfermarket мәліметінше, Ханонов 150 мың еуроға, ал Сафаров 175 мың еуроға бағаланған.
ПІКІРЛЕР