Accessibility links

БҚО-да орман инспекторы оқ тиіп қаза болды. Органдардың оқиға жайлы мәлімдемесі қарама-қайшы


Батыс Қазақстан облысындағы Бударин қорығында орман шаруашылығы инспекциясының жетекшісі 44 жастағы Серік Мәженов оқ тиіп, қайтыс болды.

Инспектордың қазасы жайлы алдымен блогер, экобелсенді Сәкен Ділдахмет хабарлаған. Ол постында Мәженовты "жақсы білетінін" айтып, оны рейд кезінде "браконьерлер атып өлтіргенін" жазды. Кейін блогер жазбасын түзеп, экология министрінің мәлімдемесімен толықтырды.

Ведомство "Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10-12 шақырымда таңертеңгі 9:30 шамасында БҚО орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі инспекциясының аумақтық бөлімінің жетекшісі 1977 жылы туған Серік Мәженов қаруды абайсызда атып, оқ тигізіп алған" деді.

Ал БҚО полиция департаментінің мәлімдемесі басқа. Жергілікті полицияның мәліметінше, оқ дауысы таңғы 7:30 шамасында естілген, ал инспектор "аңшылықта жүрген".

"Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 15 шақырым жердегі Бударин қорығында үш ер адам аңшылық құрып жүрген. Сол кезде 1977 жылы туған ер адам абайсызда оқ атып алып, ол 1977 жылы туған ер адамға тиген. Кейін олар оқ тиген адамды өз күштерімен Ақжайық ауылындағы аудандық ауруханаға әкелген" деді полиция департаменті.

Полиция "тергеу құпиясына" сілтеп аңға шыққандардың атын атамады. Департамент "Абайсызда адам өлтіріп алу" бабымен қылмыстық іс қозғаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG