ФСБ қызметкерлері өлтірді делінген өзбек босқыны Наби Рахимовқа қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде "Крымская солидарность" басылымы хабарлады.
Наби Рахимов - ұзақ жылдар бойы Мәскеу түбінде отбасымен тұрып келген өзбек босқыны. Оған елінде 2009 жылы "Хизб ут-Тахрир" ұйымына мүше болды деген айыппен іс қозғалғаннан кейін Ресейге қашып кеткен.
Бірақ ол 2013 жылы Ресейде ұсталды. Оны отанына депортацияламақ болған кезде, Еуропа соты бұл шешімнің күшін жояды. Кейін 2015 жылы Рахимов отбасымен бірге Қырымға көшіп барды.
Биыл 11 мамырда Рахимов үйін тінту кезінде ФСБ қызметкерлері оғынан қаза тапты. Рахимовтың өліміне байланысты түсініктеме берген ФСБ сол кезде "халықаралық террористік ұйымның мүшесінің көзін жойдық" деп мәлімдеген.
Ал құқық қорғаушылар ФСБ өкілдері Рахимовты азаптап өлтірді деп есептейді.