Accessibility links

Қазақстанда 206 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасының алғашқы бөлігін алған


Алматыда жасөспірімдерге Pfizer вакцинасы салынып жатыр. 12 қараша 2021 жыл
Алматыда жасөспірімдерге Pfizer вакцинасы салынып жатыр. 12 қараша 2021 жыл

Қазақстанда Pfizer вакцинасы жасөспірімдер мен аяғы ауыр әйелдерге және бала емізіп жүрген аналарға салынып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Pfizer вакцинасының алғашқы бөлігін 206 мыңға жуық адам алған. Екінші бөлігі 34 мыңнан аса адамға салынған.

Биыл қараша айында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көп ұзамай Pfizer вакцинасы халыққа ақылы түрде салына бастайды деген болатын, әзірге қашан басталары белгісіз.

Кейінгі мәлметтерге қарағанда, коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы бөлігін Қазақстанда 8 896 942 адам алған, 8 359 534 адам екі компонентін де салдырған.

Өткен тәулікте Қазақстанда 440 адамның коронавирус жұқтырғаы ПТР тестпен расталған. Оның көпшілігі Қарағанды облысы (87 адам) мен Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан (72 адам).

XS
SM
MD
LG