Accessibility links

Беларусь СІМ Лондондағы елшілігіне шабуыл жасалғанын хабарлады


Беларусьтің Лондондағы елшілігі. 2014 жыл.
Беларусьтің Лондондағы елшілігі. 2014 жыл.

Беларусь СІМ 19 желтоқсанда Лондондағы елшілігіне шабуыл жасалғанын хабарлады. Бұл жөнінде ведомство ақпаратына сүйенген AFP агенттігі жазды.

СІМ мәлімдемесіне қарағанда, бір топ адам елшілік ғимаратының алдыңғы жағын бүлдіріп, сол маңға келген белорус дипломаттарына күш көрсеткен. Соның салдарынан елшіліктің бір қызметкері дәрігер көмегіне зәру болған. Оған мұрны сынған, жеңіл дәрежеде миы шайқалған және тісі сынды деген диагноздар қойылған.

Шабуылдаушыларды Лондон полициясы ұстаған. Минскі оларды "радикалды көңіл-күйдегі эмигранттар" деп сипаттайды.

Ұлыбритания істері жөніндегі уақытша сенімді өкіл Беларусь сыртқы істер министрлігіне шақырылған. Министрлік оған оқиғаны мұқият зерттеу жүргізу жөнінде протест тапсырған.

Еуроодақ Лукашенко режимін шекарадағы мигранттар дағдарысына кінәлайды. Олар Лукашенко Минскіге санкция салған Батыс елдерінен осылайша "кек алғысы келеді" деп санайды. Минск мұны жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG