Accessibility links

"Сен жалғыз емессің..." Бішкекте жалғызбасты аналарға арналған фотокөрме өтеді


"Сен жалғыз емессің" атты фотокөрме жайлы хабарландыру.
"Сен жалғыз емессің" атты фотокөрме жайлы хабарландыру.

21 желтоқсанда Бішкекте "Сен жалғыз емессің..." атты фотокөрме өтеді.

Ол балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған аналарға арналған. Онда 20 шақты әйелдің өмірі баяндалады. Суреттерді Азаттықтың Қырғыз қызметінің фототілшісі Гүлжан Тұрдыбаева түсірген.

Қазан айынан бері Тұрдыбаева "Сорос-Қырғызстан" қорының қолдауымен MediaJasa жобасы аясында Қырғызстандағы жалғызбасты аналар туралы фоторепортаж жариялаған. Жобаның мақсаты – балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған аналар кездесетін қиындықтарға қоғамның назарын аударту.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, Қырғызстанда 340 мың бала тұрмысы нашар отбасында тәрбиеленіп жатыр. Басым бөлігі – жалғызбасты аналар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG