Accessibility links

ДДСҰ басшысы: Адамдардан айырылғанша, мерекеден бас тартқан дұрыс


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың Омикрон штамы мереке күндері одан сайын тез тарауы мүмкін екенін ескертті.

"Мерекеден бас тарту өмірден айрылудан әлдеқайда жақсы", - деп мәлімдеді ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус. Женевадағы брифингте ол коронавирустың жаңа түрі тез таралатынын, вакцина қабылдағандар мен вируспен бұрын ауырғандарға да жұғатынын айтты.

АҚШ ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, өткен аптада коронавирус жұқтырғандардың 73 пайызынан Омикрон анықталған.

Коронавирустың жаңа штамы қараша айының соңында Оңтүстік Африка Республикасында тіркелген.

Әлем елдері Омикроннан сақтану шараларын күшейтіп жатыр. Ақ үйдің хабарлауынша, президент Джо Байден үкіметі мереке күндері локдаун енгізуді жоспарламаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG