Accessibility links

Бәсекелестікті қорғау агенттігі: Індет бітпей, бағаның өсуін тоқтата алмаймыз


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин. 23 желтоқсан 2021 жыл.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин. 23 желтоқсан 2021 жыл.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин 23 желтоқсанда ақпарат құралдарына берген сұхбатында азық-түлік бағасының қымбаттау себептері туралы айтты. "Індет бітпей, азық-түлік құнының өсуін тоқтата алмаймыз" деді ол.

– Індет бітпей бағаның өсуін тоқтата алмаймыз. Себебі біздің логистикалық жүйелеріміз, байланыстарымыз өзгеріп кетті. Қазір әр мемлекет өзінің протекционизм саясатын жасап, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешіп жатыр. Бай мемлекеттер бағаға қарамайды. Оларға ең бастысы белгілі бір тауар түрі тапшы болмаса болды. Біздің басты мақсатымыз – бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу, – деді Серік Жұманғарин.

"Көрші елдердегідей азық-түлік бағасын алдын ала болжап, реттеп отыратын орган қажет пе?" деген сұраққа "бұрын "Қазагромаркетинг" деген болған. Бірақ оны жекешелендіруге жіберді, бірақ қазір ол функцияны мемлекеттік органдар да атқара алады ғой" деді.

Оның айтуынша, отандық өнімдердің қымбаттауына темір жол қатынасы, жанар-жағармай, жарықтың қымбаттауы сияқты факторлар әсер етіп жатыр. Бірақ кейде бағаны негізсіз көтеретіндер де болады, оларға айыппұл салынады деді.

Агенттік төрағасының айтуынша, соңғы жарты жылда жанар-жағармай бағасын негізсіз өсіруге байланысты 12 тергеп-тексеру ісі ашылған. Жұмыртқа нарығында осындай 8 іс, басқа тауарлар бойынша 15 іс ашылған. Кәсіпкерлік нысандарға ең көп айыппұл ретінде 540 млн теңге салынған.

Қазақстан халқы соңғы кезде қымбатшылыққа жиі шағымданып келеді. Ал үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өспегені немесе сәл арзандағаны туралы ақпаратты жиі тарататын болған.

Қарай отырыңыз: Қазақстанда бір жылда азық-түлік қаншаға қымбаттады? (Қараша айы, 2021 жыл).

Қазақстанда бір жылда азық-түлік қаншаға қымбаттады?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:31 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG