Accessibility links

Беларусьте Азаттық тілшісі Кузнечикке қылмыстық іс қозғалды


 Андрей Кузнечик.
Андрей Кузнечик.

Азаттықтың Белорус қызметінің (Радыё Свабода) тілшісі Андрей Кузнечик қамаудан босатылмады. Оның туыстары Кузнечиктің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл жөнінде Радыё Свабода жазды.

Полици журналисті қандай бап бойынша қудалап отырғанын туыстарына айтпаған. 23 желтоқсанда Беларусь билігі Азаттықтың Белорус қызметінің сайтын "экстремистік ресурс" деп таныды.

Андрей Кузнечикті бір ай бұрын белорус қауіпсіздік қызметінің өкілдері ұстаған. Журналист ұсталғанға дейін бір күн бұрын әріптесінен Беларусьтен кетуден бас тартуының себебі жазылған хатын жариялауды өтінген. Онда Кузнечик Беларусьтен кеткенше елде "қолдан ұйымдастырылған іс" бойынша қамауда отырғанды "жөн көретінін" айтқан.

Құқық қорғау органдары Кузнечикті ұзын саны 30 күнге қамаған. Бастапқыда оны ұсақ бұзақылық бойынша айыптады. Алайда әкімшілік қамау мерзімі аяқталғаннан кейін оны тергеу изоляторынан жібермей, қайта ұстады.

Бұған дейін АЕ/АР медиа корпорациясының президенті Джейми Флай Беларусь билігі Кузнечикті іс жүзінде кепіл ретінде ұстап отыр деп мәлімдеген. "Андрейді дереу босатып, отбасына оралуына мүмкіндік берілуі тиіс. Журналистика – қылмыс емес" деді Флай.

Азаттықтың Белорус қызметінің тілшілері 2020 жылдың жазынан бері қудаланып жатыр. Сол уақытта тілшілер президент сайлауына дайындық барысын және сайлау мен одан кейін тұтанған наразылықтан ақпарат таратқан. Былтыр тамыз айында Беларусь билігі Азаттық тілшілеріне аккредитация беруден бас тартты. Азаттықтың Белорус қызметінің сайты бұғатталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG