Accessibility links

Путин гипердыбыстық "Циркон" зымыран сынағының сәтті өткенін хабарлады


Солтүстік флоттан ұшырылған "Циркон" зымыраны. 7 қазан 2020 жыл (Архивтен алынған сурет).
Солтүстік флоттан ұшырылған "Циркон" зымыраны. 7 қазан 2020 жыл (Архивтен алынған сурет).

Ресей президенті Владимир Путин гипердыбыстық "Циркон" қанатты зымыран сынағының сәтті өткенін мәлімдеді. Бұл жөнінде "Интерфакс" агенттігі жазды. Бұл жолы қысқа уақыт аралығында қатарынан бірнеше зымыран ұшырылған.

Сынақ Солтүстік флотта жүргізілген. Путин "Циркон" зымыранының ұшырылуын елдегі ең ірі оқиға және Ресейдің қорғаныс қабілетін арттырудағы маңызды қадам деп атап өткен. Ол сонымен бірге Өнеркәсіп және сауда министрлігіне гипердыбыстық зымыранмен айналысқан ұжымға орасан еңбегі үшін алғыс айтуды өтінді.

Биыл қазан айында Ресей қорғаныс министрлігі "Северодвинск" суасты атом сүңгуір қайығымен бірге "Циркон" гипердыбыстық зымыранын алғаш рет сынақтан өткізгенін хабарлаған.

Ресей президенті Владимир Путин жаңа қару жүйесі жайлы сайлау алдында, 2018 жылы 1 наурыз күнгі Федералдық жиынға мәлімдемесінде айтқан. Бір жылдан соң гипердыбыстық "Циркон" зымыраны құрастырылғанын хабарлады. Путиннің айтуынша, "Циркон" мың шақырымнан астам қашықтықтан нысанды көздеп, жоя алады және сағатына 10 мыңнан астам шақырымға ұша алады. Зымыранды құрастырушылар осы көрсеткіштің арқасында оны қазіргі зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің анықтауы қиынға соғады дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG