Accessibility links

Алматы облысында қалың тұманның салдарынан 17 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

Алматы – Қорғас трассасындағы жол апаты. 25 желтоқсан 2021 жыл. Видеодан скриншот.
Алматы – Қорғас трассасындағы жол апаты. 25 желтоқсан 2021 жыл. Видеодан скриншот.

25 желтоқсанда таңертең Алматы – Қорғас автожолының 134-шақырымында қалың тұманның салдарынан 17 жеңіл көлік соқтығысып, бүлінді. Бес адам зардап шекті. Бұл жөнінде Алматы облыстың полиция департаменті хабарлады.

Полиция трассаның 84 және 136-шақырым аралығы жабылғанын хабарлады.

Әлеуметтік желіде қолданушылар оқиға орнынан түсірілген видеолар жариялады. Онда кейбір көліктердің қатты бүлінгені көрінеді.

Жол апатынан бес адам зардап шеккен. Олар жақын жердегі Шелек ауруханасына жеткізілген.

Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін боранға байланысты Алматы – Қорғас трассасының бір бөлігі жабылғаны хабарланған.

Төтенше жағдай департаменті тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес берді.

XS
SM
MD
LG