Accessibility links

NASA ғарышқа James Webb телескобын жөнелтті


 James Webb телескобы
James Webb телескобы

Американың NASA ұлттық ғарыш басқармасы James Webb телескобын ғарышқа жіберді. Телескопты Францияның Гвианадағы Куру полигонынан ұшырды.

Ғарышты инфрақызыл және оптика диапазонында зерттейтін аппарат галактикадағы өзгерістерді білуге мүмкіндік береді. Мұнан өзге James Webb алыстағы планеталардың атмосферасын зерттейді. Осы арқылы алыстағы планеталарда тіршілік бар ма, жоқ па деген ғалымдар зерттеуіне септеседі.

Телескоп төрт апта ішінде жерден бір жарым миллион шақырым қашықтағы Лагранжаның екінші нүктесіне қарай жылжиды. Одан кейін бірнеше ай приборларды орналастыру сатысынан өтеді, шамамен бір жарым жылдан соң алғашқы суреттерді жібере бастайды.

30 жыл бойына жасалған апппаратқа НАСА 10 миллиард доллар жұмсаған. Бұл алғашқы есептен 20 есе көп. Телескоп Project Apollo ай бағдарламасы жетекшісінің кұрметіне аталған. James Webb өзіне дейінгі Hubble телескобын алмастырады. Жаңа аппаратты 2007 жылы ұшырмақ болғанымен бірнеше рет кейінге қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG