Дағыстанның мемлекеттік органдарының сайттарында Ресей президенті Владимир Путинді ұры деп айтыптайтын хабар пайда болған. Республика үкіметі атқарушы органдардың порталдарына DdoS-шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
Ресей президентін ұры деп айыптайтын мәтін мемлекеттік сатып алу комитеті, цифрлық даму министрлігі, транспорт министрлігі секілді басқа да ведомстволардың сайттарына шықты деп хабарлайды "Спросите у Расула" телеграмм-арнасы.
Мәтінде "Путин мен оның құйыршықтары Батыспен жауласып жатқанда, олардың балалары сол Батыста оқып жатыр" деп жазылған.
"Дағыстан Республикасының цифрлық даму министрлігі сайттардың жұмысын қалпына келтіріп жатыр", -дейді Дағыстан үкіметінің ресми телеграм-арнасы.
DDoS-шабуыл – бір сәтте жан-жақтан өте көп сұрау жіберіп, сайт жұмысын тежеп, істен шығаратын хакер шабуылы.
ПІКІРЛЕР