Accessibility links

13 белсендінің апелляциясы: Алматыда 50-ден астам адам сот алдына жиналды


13 белсендінің апелляциялық соты өтіп жатқан кезде Алматы қалалық сот алдына елу шақты адам жиналып, белсенділерді қолдады. 28 желтоқсан 2021 жыл.
13 белсендінің апелляциялық соты өтіп жатқан кезде Алматы қалалық сот алдына елу шақты адам жиналып, белсенділерді қолдады. 28 желтоқсан 2021 жыл.

28 желтоқсанда таңертең Алматыда 50-ден астам адам апелляциялық шағымы қаралуы тиіс 13 белсендіні қолдап, қалалық сот алдына жиналды. "Тыйым салынған ұйымды қолдады" деп айыпталып, қазан айында түрлі мерзімге сотталған 13 белсенді осыған дейін үкімді апелляцияға берген еді. Апелляциялық сот отырысы бүгін, 28 желтоқсанда ондар шамасында басталды. Құқық қорғаушылар мен жақтастары "билік оларды саяси белсенділігі үшін қудалап отыр" деп санайды.

Сот онлайн өтіп жатыр. Істі құрамында судьялар А.Жұмағұлов, Х.Керімова, С.Яковлев бар апелляциялық сот алқасы қарап жатыр.

Сейсенбі күні сот 9.30 жарымда басталуы тиіс болған. Бірақ соттың басталуы кешігіп, таңертеңнен бері сот ғимараты алдында тұрған жұрт "дала суық, қатып қалдық, бізді ішке кіргізіңдер, сотты сол жерден бақылайық" деп талап етіп, есікті тақылдатқан. Бірақ сот ғимаратынан ешкім шықпады. Бұдан соң полицейлер келіп, есікті күзете бастады. Бұған жұрт ашуланып, түрлі ұрандар көтерді. "Полиция бізді қорғамайды, керісінше белсенділердің өліміне себепкер болып жатыр" деп ашынды.

13 белсендінің екеуі қалалық сотқа келіп, отырысқа қатысып жатыр. Жеті адам үйінен қатысып отыр. Ал тергеу изоляторындағы төрт белсенді: Асхат Жексебаев, Ноян Рахымжанов, Қайрат Қылышев, Абай Бегімбетов сот отырысында жоқ. Судья "олардың қатысуы міндетті емес" деді. Адвокат әзірге түсініктеме бермеді.

11 қазанда Алматы соты "тыйым салынған ұйымды құрды және оның ісіне араласты" деп айыпталған 13 белсендіге үкім оқыған еді. Судья 4 белсенді: Асхат Жексебаев, Ноян Рахымжанов, Қайрат Қылышев, Абай Бегімбетовті 5 жылға бас бостандығынан айырды, 9 белсендінің бас бостандығын 1 жылдан 2 жылға дейін шектеді. Сотталушылар тағылған айыпты мойындамай, үкіммен келіспеді.

Қарай отырыңыз: Өзгеріс талап еткені үшін 5 жылға сотталды. 13 белсендінің үкімі (11 қазан 2021 жыл).

Өзгеріс талап еткені үшін 5 жылға сотталды. 13 белсендінің үкімі
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00

Белсенділерге тағылған айып Қазақстан соты "экстремистік ұйым" деп таныған, бірақ Еуропарламент "оппозициялық ұйым" деп атаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" және "Көше партиясы" қозғалыстарымен байланысты.

13 белсендінің барлығы дерлік – қоғамдық-саяси мәселелерге байланысты пікір-көзқарасын ашық айтып, акция-митингілерге қатысып жүрген адамдар. Qaharman құқық қорғау қорының мәліметінше, белсенділер "бейбіт наразылыққа қатысқаны, оған шақырғаны, былтыр астанадағы тергеу абақтысында көз жұмған марқұм белсенді Дулат Ағаділдің асына қатысып, оның отбасына қолдау көрсеткені, Қазақстан билігін сынағаны, саяси тұтқындар мен олардың отбасына қолдау көрсетіп, адам құқығы мәселесін қозғап, саяси тұтқындарды босатуды талап еткені үшін" қуғындалып отыр.

Билік елде саяси қудалау барын жоққа шығарады.

Қазақстанда жоғарыда аталған екі ұйымға қатысты қанша адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгісіз. Кейбір құқық қорғаушылар кейінгі бірнеше жылда 300-ге тарта адамның жазаланғанын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG