Accessibility links

Amnesty International "Мемориалды" жабу туралы шешімді айыптады


Amnesty International ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Мари Стразерс "Халықаралық Мемориал" – Иосиф Сталин және өзге де совет басшылары тұсындағы саяси қудалау мен хайуандық әрекеттерді тынымсыз құжатқа түсірумен айналысқан беделді құқық қорғау ұйымы. Оны жабу сөз бостандығы мен жиналу құқығына тікелей қол сұғу" деп мәлімдеді.

Сейсенбі, 28 желтоқсанда Ресей Жоғарғы соты "Халықаралық Мемориал" ұйымын жабу туралы шешім қабылдады. Бас прокуратура ұйымды "шетел агенті" туралы заңды бірнеше рет бұзды деп айыптап, сотқа шағым түсірген еді.

"Мемориал" - 1989 жылы Ресейде құрылған құқық қорғау ұйымы. Оның алғашқы төрағасы – Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты Андрей Сахаров.

Ұйым 30 жылдан астам уақыт бойы совет кезіндегі қуғын-сүргінді зерттеп, қудалауға ұшыраған азаматтардың толық дерек қорын жасады. "Мемориал" адвокаты Генри Резник сейсенбі күнгі сот отырысы кезінде ұйым "ұлт саулығына әсер етеді" деп атап өтті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG