Accessibility links

Аида Балаева экс-депутат пен журналист арасындағы жанжалға байланысты пікірін айтты


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева экс-депутат Бекболат Тілеухан мен журналист Айнұр Коскина арасындағы жанжалға байланысты пікірін айтты.

"Сұхбат берушінің журналиске қатысты эмоциялық әрекетін ақтау қиын" деген министр алайда "мәселенің екінші жағы бар" деп журналистің әрекеті дұрыс болмағанын меңзеді.

"Десе де, мәселенің екінші жағы да бар: ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті. Спикердің жеке өмірі құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану – бұл ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері. Қалай болғанда да Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің заңды мүддесін, кәсіби құқығын заң аясында қорғауда қашанда дайын" деп жазды министр Facebook'тағы парақшасында.

Бір күн бұрын депутаттық өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған Бекболат Тілеухан мен журналист Айнұр Коскина арасында "жанжал" туындап, журналист экс-депутаттың үстінен полицияға түсірген болатын. Тілші "журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру" бабы бойынша арызданған. Журналистің айтуынша, депутат оған қол көтеріп, соның салдарынан шекесі ауырып қалған, штативі сынаған.

Есіл аудандық полиция басқармасы журналистің арызын тіркеп, сот-медицина сараптамасын тағайындаған.

Экс-депутат оқиғаға түсініктеме бермеді.

Видео: Депутаттықтан кеткен Бекболат Тілеухан журналистпен жұлысты (29 желтоқсан 2021 жыл).

Депутаттықтан кеткен Бекболат Тілеухан журналистпен жұлысты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG