Accessibility links

Зейнетақы ақшасын пайдалану туралы өзгерістерді сынаған депутаттың өкілеті тоқтатылды


Нұрлан Қылышбаев.
Нұрлан Қылышбаев.

Бейсенбі күні сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеті тоқтатылды. Сенат депутаттары шешімді бір ауыздан қолдап, дауыс берді.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қылышбаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз өкілетін тоқтату туралы өтініш бергенін айтты.

30 желтоқсанда "енді қай салаға барасыз?" деген журналистердің сұрақтарына Қылышбаев "мемлекет қай салаға жіберсе, сонда барамын" деп жауап берді.

ҚазТАГ агенттігі Қылышбаевтың желтоқсан айының басында зейнетақы ақшасын алу шартының өзгеруін қатаң сынға алғанын жазды. Депутат бұл азаматтардың сенімін азайтады деп мәлімдеген. Желтоқсан басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қорда міндетті түрде қалуы тиіс қаражат мөлшері ("жеткілікті шек") шамамен екі есеге ұлғаятынын хабарлаған. Зейнетақы қорындағы "артық ақшаны" пайдалануды жоспарлаған жұрт бұл өзгерістерге қарсылық білдірген.

Нұрлан Қылышбаев сенатта бес жыл депутат болған. Оған дейін Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі қызметін атқарды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG