Accessibility links

Таразда мерекелік шырша өртке оранды


Тараз қаласындағы өртке оранған мерекелік шырша. 1 қаңтар 2022 жыл.
Тараз қаласындағы өртке оранған мерекелік шырша. 1 қаңтар 2022 жыл.

1 қаңтарға қараған түні Тараз қаласының орталық алаңындағы мерекелік шырша тұтанып, жанып кетті. Бұл туралы Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментіне сілтей отырып Informburo.kz сайты хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, өрт 00:06 уақытында басталып, 00:20 уақытында сөндірілген. Оқиға жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде болған. Өрт тұтанған тұста айналасында көптеген адам болған. Бірақ ешкім зардап шекпеген. Өрттің себебі әлі анықталмады.

Қазақстанда мерекелік шыршаның өртенуі жиі болады. 2016 жылы 5 қаңтарда Алматыда Бірінші президент паркінің кіребересіндегі жасанды шырша жанып кеткен. Содан бес күн бұрын Екібастұздағы мерекелік шырша да өртке оранған.

2013 жылы 11 желтоқсанда Алматыдағы "Атакент" көрме орталығы алдындағы шырша да өртенген. 2013 жылғы 1 қаңтарға қараған түні Ақтаудағы мерекелік шырша жанған.

XS
SM
MD
LG