Accessibility links

Байден 2 қаңтар күні Зеленскиймен телефон арқылы сөйлеседі

АҚШ президенті Джо Байден (оң жақта) мен Украина президенті Владимир Зеленский. Вашингтон, 1 қыркүйек 2021 жыл.
АҚШ президенті Джо Байден (оң жақта) мен Украина президенті Владимир Зеленский. Вашингтон, 1 қыркүйек 2021 жыл.

АҚШ президенті Джо Байден 2 қаңтар күні Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, Ресей әскерінің Украина түбіне шоғырлануына байланысты туындаған дағдарысты талқылайды.

Сөйлесу кезінде Байден "Ресей агрессиясы төніп тұрған тұста АҚШ-тың Украина егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын" қуаттамақ" деді Ақ үй өкілі 31 желтоқсан күні келіссөздің қай күні болатынын айта отырып.

Екі елдің лидерлері сондай-ақ АҚШ-тың алдағы айда Ресеймен жүргізетін келіссөзін де талқыламақ.

Украина басшысымен сөйлесу АҚШ-тың Кремльден төнген әскери қауіптің алдын алу мақсатында жүргізіп отырған қадамдарының бірі саналады.

30 желтоқсан күні Байден Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен.

Ресей Украина шекарасына жақын маңға жүз мыңға тарта сарбаздан тұратын әскерін шоғырландырып, Батыс елдеріне шарт қойып отыр. Путин Батыс елдері пост-советтік елдерге қарай ұлғаймытынына кепілдік беруі тиіс деп отыр. Батыс Путиннің бұлай талап қоюы негізсіз дейді.

XS
SM
MD
LG