Жексенбі, 2 қаңтарда Оңтүстік Африка респбуликасы парламентінде үлкен өрт шықты. Кейптаунда түсірілген видеоларда ғимараттың шатырынан көтерілген қара түтін мен жалын көрінеді.
Өртті өшіруге ондаған адам жұмылдырылған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Өрттің шығуына не себеп болғаны да әзірге белгісіз.
ВВС-дің хабарлауынша, жексенбі күні Кейптаунда жұртшылық апартеид режиміне қарсы күрескен танымал архиепископ Десмонд Тутудың ақтық сапарға шығарып салған. Мемлекеттік дәрежеде ұйымдастырылған азалы шарадан соң бірнеше сағаттан кейін парламент үйінде өрт шыққан.
France-Press агенттігі парламент ғимаратында жарық пайда болған деп хабарлады.
Кейптаундағы парламент ғимараты үш бөліктен тұрады. Ғимараттың ең ескі бөлігі 1884 жылы салынған, қалған екеуі өткен ғасырдың 20-шы және 80-жылдары тұрғызылған.
ПІКІРЛЕР