Accessibility links

Азаттықтың Алматы бюросының басшысы Қасым Аманжолды полиция ұстап, босатты


Қасым Аманжол
Қасым Аманжол

Азаттық радиосы Алматы бюросының жетекшісі міндетін атқарушы Қасым Аманжолды Алматыда полиция күшпен ұстап, шамамен екі сағаттан соң босатты. Алматыдағы "Жетісу" базары маңындағы наразылықты түсіріп, журналистік міндетін атқарып жүрген Қасым Аманжолды журналист құжатын көрсеткеніне қарамастан, полицейлер құралын тартып алып, көлікке күшпен отырғызып, Алматыдағы Медеу аудандық полиция басқармасына алып кеткен. Шамамен екі сағаттан соң кешірім сұрап, босатқан.

Қасым Аманжол полиция басқармасында "Жаңаөзендегі халықтың талабын қолдап, наразылыққа шықпақ болып ұсталған" 30 шақты адамды көрген. Полиция олардан жауап алып жатыр.

2 қаңтарда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында тұрғындар газдың екі есе қымбаттауына қарсы шыққан. Наразылықты Қазақстанның өзге өңірлері қолдады. Содан бері Қазақстан қалаларында полиция күзеті күшейіп, белсенділер мен ақпарат құралдарын ұстау жиіледі. Алматыда кемінде он белсенді әкімшілік жауапқа тартылды. 4 қаңтарда Қазақстанның бірнеше қаласында "оппозиция митингісі өтеді" деген орындарда жүзден астам адам ұсталды. ІІМ әзірге ресми түсініктеме бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG