Accessibility links

Алматыда белгісіз адамдар тобы әуежайды басып алғаны хабарланды

Алматы көшесіндегі наразы жұрт. 5 қаңтар 2022 жыл.
Алматы көшесіндегі наразы жұрт. 5 қаңтар 2022 жыл.

Алматыда 5 қаңтар кешкісін белгісіз адамдар тобы қала әуежайын басып алды. Бұл ақпаратты әуежайдың баспасөз қызметі Orda.kz сайтына хабарлады.

"Қазіргі дерек бойынша, әуежайда 45 адам бар. Олар кірісімен әуежай қызметкерлері шығып үлгерді. Әуежайға басып кіргенде терминалда жолаушылар болмады. Жолаушыларды алдын ала, 11 есік арқылы шығарып үлгердік. Әскерилер де әуежайдан кетіп қалды, олардың қайда кеткенін білмейміз. Әуежай қызметкерлері жолаушыларды өз күшімен эвакуациялады" деп мәлімдеді аэропорттың баспасөз қызметі.

5 қаңтарда елде билікке наразылық өршіді. Алматы қаласы наразылықтың эпицентріне айналып, наразылар қалалық әкімдікке басып кірді. Қаладағы прокуратураның, полиция департаментінің ғимаратына да кіргені айтылды. Әкімдік пен прокуратура ғимаратының бір бөлігі өртенген.

Алматы қаласында және Маңғыстау облысы, Алматы облысы, Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай жарияланған. Елде наразылық күшейген тұста интернет өшірілді.

  • 2 қаңтарда Жаңаөзенде халық сұйытылған газ бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге көтерілгеніне қарсы шыққан. Кейін Жаңаөзендегі наразылықты елдің басқа аймақтары да қолдады. Үкімет Маңғыстау облысында газ бағасы елу теңге болады деп шешім шығарса да, наразылық басылар емес.
  • Халық елдегі қымбатшылықты айтып, биліктің отставкасын талап етеді және 1993 жылғы Конституцияны қайтаруды талап қылады.
  • 5 қаңтар түнде Алматыда мыңдаған адам Республика алаңына жиналып, қымбатшылыққа қарсы наразылық білдірді. Полиция оларға қарсы көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ, шулы граната қолданды. Елдің басқа аймақтарында да түнде наразылық жалғасты.
  • 5 қаңтар түске таман президент Тоқаев үкімет отставкасын қабылдады. Елдің басқа аймақтарында - Ақтау, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Оралда да наразылық жалғасып жатыр.
  • Тоқаев астанадан кетпейтінін, Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын қолына алатынын мәлімдеді. Бұған дейін бұл кеңесті елдің экс-президенті Назарбаев басқарып келген еді.
  • Тоқаев Алматыдағы наразылық кезінде күштік құрылым өкілдері мен әскерилер арасында қаза болғандар барын мәлімдеді.

Арнайы жасақ баррикадасы, өртенген әкімдік. Елдегі наразылықтан фотолар

Арнайы жасақ баррикадасы. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
1/13 Арнайы жасақ баррикадасы. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
Арнайы жасақ құрған баррикада. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
2/13 Арнайы жасақ құрған баррикада. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
Наразылар Алматы әкімдігіне басып кірді. Ғимараттың бір бөлігі өртенді. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
3/13 Наразылар Алматы әкімдігіне басып кірді. Ғимараттың бір бөлігі өртенді. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
Наразылар мінген көлік. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
4/13 Наразылар мінген көлік. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
Алматыда полиция орталық көшенің бірін жауып тұр. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
5/13 Алматыда полиция орталық көшенің бірін жауып тұр. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
Алматы көшесінде әскерилер мен полицейлер көп. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
6/13 Алматы көшесінде әскерилер мен полицейлер көп. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
Алматы әкімдігінің алдында тұрған әскери техника. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
7/13 Алматы әкімдігінің алдында тұрған әскери техника. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл, 
Үкіметке жаппай наразылық тұсында биліктегі "Нұр Отан" партиясы кеңсесі өртенді. Бұл партияны 1999 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев құрған еді.  Алматы, 5 қаңтар 2021 жыл.
8/13 Үкіметке жаппай наразылық тұсында биліктегі "Нұр Отан" партиясы кеңсесі өртенді. Бұл партияны 1999 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев құрған еді.  Алматы, 5 қаңтар 2021 жыл.
ІІМ наразылық кезінде отыздан астам полиция көлігі бүлінгенін хабарлады. Алматы, 5 қаңтар 2021 жыл.
9/13 ІІМ наразылық кезінде отыздан астам полиция көлігі бүлінгенін хабарлады. Алматы, 5 қаңтар 2021 жыл.
Бүлінген полиция көлігі. Алматы, 5 қаңтар 2021 жыл.
10/13 Бүлінген полиция көлігі. Алматы, 5 қаңтар 2021 жыл.
Таңертең наразылыққа шыққан жұрт. Алматы, 5 қаңтар 2021 жыл.
11/13 Таңертең наразылыққа шыққан жұрт. Алматы, 5 қаңтар 2021 жыл.
Ақтауда да наразылық жалғасып жатыр. 5 қаңтар 2021 жыл.
12/13 Ақтауда да наразылық жалғасып жатыр. 5 қаңтар 2021 жыл.
Ақтөбе облысы әкімдігі алдында тұрған наразылар. 5 қаңтар 2022 жыл.
13/13 Ақтөбе облысы әкімдігі алдында тұрған наразылар. 5 қаңтар 2022 жыл.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG