Accessibility links

Алматыдағы күзет. 8 қаңтар 2022 жыл.
Алматыдағы күзет. 8 қаңтар 2022 жыл.

Мәсімов ұсталды. Ақтау мен Жаңаөзенде наразылардың көбі тарады. 8 қаңтарда не болды?

8 қаңтар. Қазақстандағы ахуалға шолу.

22:44 8.1.2022

8 қаңтарда Қазақстанда не болды?

Азаттық елдегі қазіргі ахуал жайлы мәтін түріндегі тікелей блог жүргізіп жатыр. 8 қаңтарда не болды? Шолып шығайық.

  • ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов "мемлекетке опасыздық жасады" деген айыппен тергеу изоляторына қамалды.
  • Жаңаөзен және Ақтау қаласында наразылардың көбі тарады, алаңда ондаған адам қалды.
  • Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, "елдегі жағдай тұрақталып келе жатқанын жеткізген". Бұған қоса, Тоқаев "лаңкестік шабуылдардың ошағы әлі сақталып тұрғанын", "сондықтан терроризмге қарсы күрес тегеурінді түрде жалғаса беретінін" айтқан.
  • Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 11 жастағы балаға оқ тиіп, қайтыс болды деп мәлімдеді. Оның сөзінше, балаға 5 қаңтарда ата-анасымен көшеде жүргенде оқ тиген.
  • ІІМ елде ұсталғандар саны 4404 адамға жетті. Осыған дейін "арнайы операция" кезінде 26 адам өлтірілгенін, 26 адам жараланғаны хабарланған. Бұдан бөлек, қарулы күштердің 18 қызметкері қаза болғаны айтылған.
  • Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
  • Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев елден кетіп қалды деген сөз көбейген тұста оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде "Назарбаевтың Нұр-Сұлтанда" екенін жазды.
19:26 8.1.2022

Тоқаев Путинмен әңгімеде "терроризмге қары күрес жалғаса беретінін" айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, "елдегі жағдай тұрақталып келе жатқанын жеткізген". Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Бұған қоса, Тоқаев "лаңкестік шабуылдардың ошағы әлі сақталып тұрғанын", "сондықтан терроризмге қарсы күрес тегеурінді түрде жалғаса беретінін" айтқан.

Қазақстан президенті жақын күндері ҰҚШҰ саммитін онлайн форматта өткізуді ұсынған және Путинге көмегі үшін алғыс білдірген.

Тоқаев мәлімдемелерінде "терроризм", "лаңкестік шабуылдар", "содырлар", "террористер" деген терминдерді жиі қолданғанымен, нақты қандай топтардың шабуылдағанын, "террористер" мен "содырлардың" кім екенін ашып айтпай отыр.

5 қаңтарда елде жағдай ушыққан тұста Тоқаев Ресей басқаратын ҰШҚҰ-дан әскери көмек сұраған еді. 6 қаңтарда Ресей Қазақстанға әскерін жіберген. Ресей мен Қазақстан ҰШҚҰ әскерилері "антитеррорлық операцияларға" қатыспайтынын, тек нысандарды күзететінін мәлімдеген.

Қазақстанда ҰҚШҰ әскерінің келгені қарсылыққа ұшырады.

18:00 8.1.2022

Алматыда 11 жастағы балаға оқ тиіп қайтыс болды

Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 11 жастағы балаға оқ тиіп, қайтыс болды деп мәлімдеді. Оның сөзінше, балаға 5 қаңтарда ата-анасымен көшеде жүргенде оқ тиген.

Саин Алматыдағы аурухананың бірінде оқ тиіп жараланған 15 жастағы баланың да жатқанын хабарлады. Оның әкесіне де оқ тиіп, ауруханаға түскен.

"Әкесі мен баласы көлікпен келе жатқанда содырлар оқ атқан" деді ол.

Саинның сөзін ҚазТАГ, Интерфакс ақпарат агенттіктері таратты.

Қазақстан билігі 6 қаңтарда елдегі тәртіпсіздік кезінде ұлттық гвардия күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза болып, 748-і зардап шеккенін айтқан. 7 қаңтарда ІІМ 26 "қарулы адамның" көзі жойылғанын, 26 "қылмыскер" жараланғанын мәлімдеді.

Билік "қарулы адамдардың", "содырлардың", "қылмыскерлердің" кім екенін ашып айтпай отыр.

ІІМ азаматтар арасында қанша адам қайтыс болғаны жайлы басқа ақпарат бермеді. Бірақ сайттар мен басқа да дереккөздердегі ақпараттардан қаза тапқандардың саны ресми деректен көп екенін байқауға болады.

17:59 8.1.2022

Жаңаөзенде наразылардың көбі тарады, алаңда ондаған адам тұр

8 қаңтарда түстен кейін Жаңаөзен қаласындағы орталық алаңда наразылық білдіріп тұрған жұрттың ортасына қала әкімі Мақсат Ибағаров келіп, халықтың тарауын сұрады. Ол жиынға қатысқандардың ешқайсысы жауапқа тартылмайды деп уәде берді. Әкімнің сөзін қолдаған көпшілік тарап кетті, тек "талабымыз орындалмады" деген топ қаланың орталық алаңында қалып қойды.

Жиынға қатысқандар алаңда бес күннен бері тұрғанын, ешқандай тәртіпсіздік жасамағанын, ешкімнің мүлкін бүлдірмегенін айтып жатты.

Наразы жұрттың арасынан шығып сөйлегендер арасында әу баста митингіге жиналуға түрткі болған газдың қымбаттауы мәселесі шешілгенін айтып, халықты сабырға шақырғандар көп болды. Сөз алғандар елдің басқа өңірлерінде болып жатқан қайғылы оқиғаларды, кісі өлтіру, бүлдіру тонау сияқты жайттарды еске салып, үйге тарауға үндеді.

Бірақ бұл шешімге көңілі толмаған кей азаматтардың бірі "[президент Қасым-Жомарт] Тоқаев пен [әкс-президент] Нұрсұлтан Назарбаев билеп тұрған жүйе кеткенше тұрамыз деген антымыз бар еді, антты бұздыңдар" деп ренжіді. 40-50 шақты адамнан тұратын бір топ наразылық митингін әрі қарай жалғастыруға уәде етті.

Газ бағасының күрт қымбаттауына байланысты наразылық алдымен 2 қаңтарда осы Жаңаөзен қаласында басталған. Митингіні ең соңғы болып аяқтаған да осы қала болды. Осы күні Ақтаудағы митинг те аяқталды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG