Accessibility links

Алматыда мәйітхананың алдында ондаған адам жиналып тұр


Алматы қаласындағы мәйітхана маңына жиналған халық. 10 қаңтар 2022 жыл.
Алматы қаласындағы мәйітхана маңына жиналған халық. 10 қаңтар 2022 жыл.

Алматыда Қазыбек көшесіндегі мәйітхананың алдында ондаған адам жиналып тұр. Бұл жөнінде оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратқан Азаттық тілшісі айтты.

Тілшінің айтуынша, бұл жерге қаңтар алдындағы "тәртіпсіздіктер кезінде" із-түзсіз жоғалған туысын іздеген немесе сол кезде қаза болған туыстарының денесін тану үшін келген адамдар тұр. Арнайы жасақ Азаттық тілшісіне мәйітхананы түсірмеуді ескертті.

Арнайы жасақ ағасын іздеп келген белсенді Дархан Уәлиевті сол жерде ұстап, әзірге босатпаған.

Қаңтар басындағы "тәртіпсіздіктер кезінде" қанша адамның зардап шеккені белгісіз.

Қазақстанда болып жатқан оқиғалар жайлы ақпараттар легін лайв блогтан біле аласыздар:

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG