Accessibility links

Алматыда қаза болған қырғыз азаматының анасы Қазақстанға кіруге рұқсат алды

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қаза болған қырғыз азаматы Азиз Мусаевтың анасы С.Иманқожаева Қазақстанға кіруге рұқсат алды. Бұл жөнінде Қырғызстан сыртқы істер министрлігі хабарлады. Марқұмның анасы Алматыға 12 қаңтарда келеді.

Бұған дейін қырғыз дипломаттарының Иманқожаеваға Қазақстанға кіруге рұқсат алуына көмектесіп жатқаны хабарланған еді.

Қазақстанда қаңтардағы оқиға кезінде кемінде екі қырғыз азаматының қаза болғаны белгілі. Олардың бірі – Алматыда фитнес-тренер болып істеген Азиз Мусаев. Туыстары Қазақстан жағы марқұмның денесін бермей отырғанын және Қазақстанға кіруіне рұқсат бермей отырғанын хабарлаған.

Қырғызстанның Алматыдағы бас консулы Назарәлі Әріпов Қазақстан жағы қаза болған қырғыз азаматтарының денесін арнайы тексеру аяқталғаннан кейін беретінін айтқан.

XS
SM
MD
LG