Accessibility links

Түркіменстанда қымбатшылыққа шағымданған тұрғындар қуғынға ұшырады


Ашғабаттағы базарлардың бірі. Көрнекі сурет.
Ашғабаттағы базарлардың бірі. Көрнекі сурет.

Түркіменстанда субсидияланған азық-түліктерді жеткізу біртіндеп жойылып, тауар бағасы қымбаттап жатыр. Осы кезде наразылық білдірген адамдар жауапқа тартылып жатыр.

Жаңа жылдан кейін арзандатылған азық-түлік уақытында берілмей жатқанына наразылық білдірген адамдарды бірден полиция бөлімшесіне алып кетіп жатыр. Оларға қылмыстық жауапқа таратамыз деп ескерткен.

Бір ай бұрын бір топ белсенді сауда министрлігіне арыз жазған.

Онда шағым иелері зейнеткерлерге арзандатылған азық-түлік берілмей отырғанын, сатушылардың таразыдан алдап, дүкендерде төлем карталарды қабылдамай жатқанын айтқан.

Жыл басында ел үкіметі зейнетақы 10 пайызға көбейетінін мәлімдеген. Ресми мәлімет бойынша, қаңтар айынан бері ең төменгі зейнетақы 410 манат болған. Орталық банктің бағамымен есептегенде, 410 манат 117 доллар болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG