Accessibility links

Песков: Ресей Өзбекстанда төңкеріс болуы мүмкін деген әңгімеге араласпайды


Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ресей Қазақстандағы оқиғалардың аясында Өзбекстанда төңкеріс жасау әрекеті болуы мүмкін деген әңгімеге қатысқан жоқ. Осылай деп Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

"Бұл Минск пен Ташкент арасындағы әңгіменің тақырыбы болуы мүмкін. Біз ондай сөйлесуге қатысқан жоқпыз", - деді Песков журналистер сұрақтарына жауап беріп жатып.

10 қаңтарда Беларусь президенті Александр Лукашенко Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) кезектен тыс онлайн саммитінде сөйлеп, "Қазақстандағы оқиғалардан бірінші кезекте Ташкент сабақ алуы керегін" атап өтіп, енді "сыртқы күштер" Өзбекстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет етуі мүмкін екенін айтқан.

Ол "Қазақстан сценарийі" осыған дейін Югославияда, Иракта, Ливияда, Сирияда, Украинада, Ауғанстанда және Беларусьте іске асырылды деген.

XS
SM
MD
LG