Accessibility links

Қазақстанда "коронавирус рекорды" тағы жаңарды


Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана.
Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана.

15 қаңтарда Қазақстанда 13 523 адамнан коронавирус анықталды. Індет басталғалы бері бір күнде мұндай жоғары көрсеткіш тіркелмеген. Коронавирус бойынша рекордтық көрсеткіш қатарынан бірнеше күн жаңарып жатыр. Билік соған орай шектеу шараларын күшейте бастаған.

13 523 науқас төмендегі аймақтардан анықталған:

  • Нұр-Сұлтанда – 5 826
  • Алматыда – 1 798
  • Шымкентте – 435
  • Ақмола облысында –347
  • Ақтөбе облысында – 229
  • Алматы облысында – 418
  • Атырау облысында – 598
  • Шығыс Қазақстан облысында – 217
  • Жамбыл облысында – 234
  • Батыс Қазақстан облысында – 345
  • Қарағанды облысында – 1 793
  • Қостанай облысында – 179
  • Қызылорда облысында – 343
  • Маңғыстау облысында – 232
  • Павлодар облысында – 320
  • Солтүстік Қазақстан облысында– 78
  • Түркістан облысында – 131 науқас тіркелген.

2020 жылдың наурызынан бері ресми мәлімет бойынша коронавирус жұқтырғандар 1 049 908-ге жеткен. Содан бері 13 мыңнан астам адам қайтыс болған. 14 қаңтарда 5 адам көз жұмған.

Қазақстанда пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрі де 2020 жылдың тамыз айынан бері есепке алынып келеді. Содан бері шамамен 84 мың науқас тіркелген. Орташа есеппен күніне ондаған адамға сондай диагноз қойылады. 14 қаңтарда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болған. Бір жарым жылға жуық уақыт ішінде аурудың осы түрі 5,2 мың адамның өліміне себеп болған.

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облысы, Павлодар, Қостанай облыстары бар. "Сары аймақта" : Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Қазақстанда коронавирустың рекордтық көрсеткіші қаңтар басындағы наразылық пен тәртіпсіздіктерден кейін жарияланған төтенше жағдай кезінде тіркеліп отыр. Бұған дейін билік бірнеше аймақта жағдай тұрақталғандықтан төтенше жағдай режимін алып тастаған. Бірақ Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Маңғыстау облысында ТЖ режимі әлі күшінде.

Елде коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын 8,6 мың адам алған. Жаспөспірімдер мен жүкті немесе бала емісіз жүрген әйелдер арасында 224 мың адам Pfizer вакцинасының толық дозасын алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG