Accessibility links

Сенатор Рубио "кеш болмай тұрғанда" Путинге санкция салуды ұсынды


Республикашыл сенатор Марко Рубио (оң жақта) және сенатор Тед Круз.
Республикашыл сенатор Марко Рубио (оң жақта) және сенатор Тед Круз.

АҚШ-та республикашыл сенатор Марко Рубио "Авторитар елдердің әскери әрекетін тежеу туралы" заң жобасын сенат қарауына жолдады.

Заң жобасында Ресей Украинаға басып кірсе, Ресей президенті Владимир Путин мен орыс үкіметінің өзге де шенеуніктеріне дереу қатаң санкция енгізу мәселесі қарастырылған.

"Америка дауысы" сайтының жазуынша, Рубио заң жобасын "Путинге жеке санкция салуды қарастыратын алғашқы құжат" деп атаған. Сенатордың ұсынуынша, санкциялар "Путин режимін байытуды көздейтін" Ресей экономикасының секторларына бағытталуы тиіс.

"Владимир Путинді кері шегіндіруге мәжбүрлейтін кез келген стратегияның негізгі бөлігі – аннексияның салдарын Путин режимін қолдайтын олигархтарға неғұрлым ауыр ету. Президент Байден Америка әлсіздік емес, күш-қуаты мен батылдығын паш етуі қажет екенін түсінбейтін сияқты. Кеш болмай тұрғанда сенаттағы әріптестерімді аталған заң жобасын қабылдау үшін бірге жұмыс істеуге шақырамын" деді Рубио.

  • Марко Рубио сенаттағы барлау комитетінің төрағасы. Ол сонымен бірге жоғарғы палатаның халықаралық қатынас жөніндегі комитетінің құрамына кіреді.
  • Заң жобасында шенеуніктерге санкциядан бөлек, Ресей Украинаға басып кірген жағдайда "Солтүстік ағыс – 2" жобасына санкция енгізу мәселесі де қарастырылған.
  • Өткен бейсенбіде сенаторлар республикашыл Тед Круз әзірлеген Мәскеу мен "Солүстік ағыс – 2" газ құбыры жобасына бағытталған санкция туралы заң жобасын кері қайтарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG