Accessibility links

Еуропада коронавирус шектеулеріне қарсы наразылық акциялары өтті


Париждегі наразылық акция. 15 қаңтар 2022 жыл.
Париждегі наразылық акция. 15 қаңтар 2022 жыл.

Сенбі күні Еуропаның бірнеше қаласында биліктің коронавирусқа байланысты енгізген шектеу шараларына қарсы наразылық акциялары өтті.

Римде міндетті екпеге қарсы азаматтар көшеге шықты. Билік елде 50-ден асқан азаматтардың барлығын вакцина салуға міндеттеген. Осылайша Италия үкіметі "Омикронға" байланысты науқастар көбейген шақта ауруханаларға түсетін салмақты азайтқысы келеді.

Парижде тұрғындар коронавирус паспортына наразылық білдірді. Француз парламенті осындай құжатты айналымға енгізген. Заң жобасы вакцина салдырмаған азаматтарға тұтастай қоғамға араласуына тыйым салады. Қарсыластары заң азаматтардың құқықтарын таптайды деп санайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, Еуропада алдағы бір жарым айда "Омикронның" таралуына байланысты аймақ тұрғындарының жартысы коронавирусқа шалдығуы мүмкін. Қазір жаңа штамм Батыс Еуропа мен Балқан елдерінде жылдам тарап жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, Еуропада 2022 жылдың алғашқы екі аптасында 16 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталған. 40 мыңнан астам адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG