Accessibility links

Байбек Назарбаевты қорғай сөйледі. "Оны жата жамандау - елдігімізге сын" деп санайды


Бауыржан Байбек.
Бауыржан Байбек.

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек экс президент Нұрсұлтан Назарбаевты қорғай сөйлеп, "оны жата жамандау - елдігімізге, азаматтығымызға сын" деп мәлімдеді. Ол бұл сөзіне 18 қаңтарда "Нұр Отан" партиясының жиынында айтты.

Назарбаев саясатына сын көбейген тұста Байбек Назарбаевтың "арқасында Қазақстан тәуелсіз ел болып қалыптасты, етек жеңін жиды", "ел шекарасын сызды" дей келе оның "артынан бас-көз жоқ топырақ шақпайық" деді.

Партия төрағасының бірінші орынбасарының пайымдауынша, "бәріне шын төреші - уақыт" және "анығын бір құдай біледі".

Байбек жиында "Нұр Отанды" сынайтындарды "партияның елдің негізгі қоғамдық және саяси тірегінің бірі екенін түсінбейтіндер" деп атады.

"Қиын қыстау кезде партия жұмысынан мін іздеп, парламент пен партия тарасын деп әңгіме таратып жүргендер бар" деді ол.

Байбек бұл сөзін елде Назарбаев пен отбасының ықпалы әлсіреп, олардың қайда екені туралы түрлі сыбыс-қауесеттер тараған шақта "айтты. Назарбаев отбасының мүшелері бірінен соң бірі қызметтерінен кетіп жатыр. Әлеуметтік желіде Назарбаев пен ол құрған авторитар жүйені сынаушылар өте көп.

Ал Назарбаевтың өзі 28 желтоқсаннан бері жұрт алдына шықпады, елдегі оқиғаларға қатысты пікір білдірмеді.

8 қаңтарда жергілікті БАҚ қаңтар оқиғасы кезінде Байбектің "коронавируспен ауырғанын" хабарлаған. Ол қаңтар оқиғасынан бері алғаш рет жұрт алдына шығып отыр. Сейсенбі күнгі жиын кезінде ол "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезге дайындыққа көшкенін айтты.

Қаңтар оқиғасы кезінде билік партиясының бөлімшелері де қираған.

2 қаңтарда Жаңаөзенде сұйытылған газ бағасының қымбаттағанына қарсылықтиан басталған елдегі наразылықта жұрт "Шал, кет", "парламент тарасын" деген талаптар да айтылған.

Назарбаевтан хабар жоқ, қызы "ауырып жатыр"
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:23 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG