Accessibility links

Тоқаев қорғаныс министрін ауыстырды. Экс-министр Бектановты "командирлік міндетін атқармады" деп сынады


Ақорда.
Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Жақсылықовты қорғаныс министрі етіп тағайындады. Арнайы жарлық сәрсенбі күні Ақорда сайтында жарияланды.

Бұған дейін Жақсылықов ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметін атқарған. Оның орнына Еркін Ботақанов тағайындалды.

2021 жылы тамызда Жамбылдағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін қорғаныс министрі болып тағайындалған Мұрат Бектанов қызметінен босатылды. Тоқаев Бектановты "қаңтар оқиғалары кезінде командирлік қабілетін көрсете алмады" деп айыптады

"Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық" деді Тоқаев.

56 жастағы Руслан Жақсылықов 2006 жылдан бері Ішкі істер министрлігінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін күштік құрылымдардың басшыларын ауыстыра бастады. Бұған дейін ҰҚК басшылығында көп өзгеріс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG