Accessibility links

Байден: Украинаға басып кіру Ресей үшін "апатпен пара-пар" болады


АҚШ президенті Джо Байден.
АҚШ президенті Джо Байден.

Ресей Украинаға басып кірсе, "апатқа" кезігеді, Владимир Путин мұндай жағдайда "өмірі көрмеген" Батыс санкциясына ұшырайды. Сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихаты кезінде АҚШ президенті Джо Байден осылай деп мәлімдеді.

Байден Ресей басқыншылық жасаса, не болатынын түсіндірді. Ондай жағдайда мысалы, Ресей банктері доллармен операция жасаудан қалады.

Байденнің айтуынша, Ресейдің Украинамен салыстырғанда әскери мүмкіндігі көп және қақтығыс болса, жеңіске жетуі де ықтимал. Алайда оның қысқа және ұзақмерзімдік салдары болады.

Байденнің ойынша, Владимир Путин Украинаға операциядан бас тартпайды, бірақ ірі қақтығыстың болғанын да қаламайды. АҚШ президенті Кремльге Батыстың жауабы Ресейдің Украинаға қарсы әрекетінің ауқымы мен салдарына байланысты болатынын сездірген.

Ресейдің Украинаны НАТО-ға алмау туралы талабына тоқталған Байден Украина жақын арада одаққа мүше бола алмайды – Ресей үшін емес, одаққа мүше болуға дайын емес болғандықтан деді.

Кейінгі кезде Батыс елдерінде Ресей Украинаға басып кіреді деген болжам күшейе түскен. Бұл әсіресе Украинамен шекарада Ресей әскері нығайып, Женева мен Брюссельде тараптар арасындағы келіссөз нәтижесіз аяқталған кезде ұлғайып отыр.

Жұма күні Женевада АҚШ мемлекеттік хатшысы Ресей сыртқы істер министрімен кездеседі. Ресей СІМ Мәскеу Украинаға басып кіруге дайындық жасап жатқан жоқ деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG