Accessibility links

Француз парламенті Шыңжаңдағы "геноцидті" айыптады


Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі "қайта саяси тәрбиелеу лагерьлері".
Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі "қайта саяси тәрбиелеу лагерьлері".

Франция парламентінің төменгі палатасы Қытайдың Шыңжаң өлкесінде ұйғыр және өзге де түркі тілді мұсылмандарға қарсы бағытталған "адамзатқа қарсы қылмыс пен геноцидті" айыптап, резолюция қабылдады. Бұған дейін осыған ұқсас құжатты Ұлыбритания, Нидерланды және Канада парламенті қабылдаған.

20 қаңтарда Ұлттық ассамблея қабылдаған резолюцияны 169 депутат қолдап дауыс берді, біреуі қарсы болды. Құжат аз ұлт топтарын қорғау үшін халықаралық қауымдастық шеңберінде Қытайға қарсы қажетті шаралар қабылдауға үндейді. Резолюцияға қарсы болған жалғыз адам – бұл президент Эммануэль Макронның партиясынан шыққан, Франция-Қытай әріптестігі бойынша топ жетекшісі, саясаткер Буон Тан.

Бірнеше жылдан бері халықаралық қауымдастық Пекинді Шыңжаңда мұсылмандарды жаппай қудалап, геноцид жасады деп айыптап келеді. Құқық қорғаушылар онда мұсылмандарды жаппай саяси лагерьге қамау, еңбекті қанау, әйелдерге күштеп түсік жасату, адамдарды діни мен мәдениетінен айыру сияқты өрескел адам құқығын бұзу жайттары барын айтқан. Пекин мұны жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG