Accessibility links

Алматы маңында жер сілкінді


Іле Алатауы. Көрнекі сурет.
Іле Алатауы. Көрнекі сурет.

23 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 16.01-де Алматы қаласы маңында жер сілкінді. Бұл ақпаратты сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экпедициясы жариялады.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке 9,9 километрде, Алматы облысының таулы аймағында, жердің 10 километр терең қабатында болған. Энергетикалық класы – 8, ал магнитудасы 3.1" деп хабарлады сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экпедициясы.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG