Accessibility links

Сот "Рахат" базарының жерін жеке компанияға жалға беру туралы шешімді заңсыз деп таныды


"Рахат" базарының жабылуына қарсылық білдіріп тұрған саудагерлер. Олардың айтуынша, қаланы Бауыржан Байбек басқарып тұрған кезде жер "басқа компанияға заңсыз жалға берілген". Алматы, 3 наурыз 2021 жыл.
"Рахат" базарының жабылуына қарсылық білдіріп тұрған саудагерлер. Олардың айтуынша, қаланы Бауыржан Байбек басқарып тұрған кезде жер "басқа компанияға заңсыз жалға берілген". Алматы, 3 наурыз 2021 жыл.

Жер қатынастары бойынша заңгер Бақытжан Базарбек Алматыдағы "Рахат" базарына қатысты ірі дауда жеңіске жеткенін хабарлады. Independ.kz сайтының жазуынша, 25 қаңтарда Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы базар жерін кәсіпкерлерден "тартып алып", жеке компанияға жалға беру туралы Алматы әкімдігінің қаулысын заңсыз деп таныған.

"Мыңға жуық адам – жеке кәсіпкерлер мен олардың отбасы мүшелері Алматы қалалық сотының әділ шешімін көздеріне жас алып, қабылдады. Біз осыған қол жеткіздік! Күрес жалғасады, бастысы жеңіс бар: Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясының қаулысы күшіне енді" деп жазды заңгер Бақытжан Базарбек 26 қаңтарда Facebook парақшасында.

"Рахат" базары төңірегіндегі дау бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Кәсіпкерлердің сөзіне қарағанда, базар аумағын "ТКМ" компаниясына 20 жыл бойы жалға беріп келген Алматы әкімдігі 2018 жылы жер "зираттың санитарлық қорғау аймағында орналасқанын" алға тартып, жалға беру мерзімін ұзартпай тастаған. Есесіне осы аумақтағы бір гектар жерді "Алматы CPS" фирмасына жиһаз фабрикасын салу үшін 5 жылға жалға берген. Бұл шешімге наразы болған кәсіпкерлер әкімдікті сотқа берген.

Бұған дейін сатушылар базар жабылса, бала-шағасын асырап отырған жалғыз табыс көзінен айырылатынын, несиелерін төле алмай, тығырыққа тірелетінін айтқан еді.

Ақпаратқа қарағанда, базар аумағын жиһаз шығаратын компанияға беру туралы қаулыға бұрынғы әкім, қазір "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қол қойған. Былтыр Азаттық жерді жалға алған жеке компанияға иелік еткен адам Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекпен серіктес болғанын жазған.

Қарай отырыңыз: Байбектің "Барахолкадағы" жер дауына қандай байланысы бар? (3 наурыз 2022 жыл).

Байбектің "Барахолкадағы" жер дауына қандай байланысы бар?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:54 0:00

Алматы әкімдігі әзірге сотқа байланысты ақпарат таратпады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG