Accessibility links

Шымкентте қаңтар оқиғасынан қамалғандардың туыстары халық пен Тоқаевтан араша сұрады


Әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орны. Шымкент, 10 қаңтар 2022 жыл.
Әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орны. Шымкент, 10 қаңтар 2022 жыл.

26 қаңтарда Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық прокуратурасының алдында жиналған оннан аса ата-ана қаңтар оқиғасына байланысты қамалған балаларының жазықсыз екенін айтып, Қазақстан халқы мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрады.

Жиналғандардың сөзінше, қамалған балаларының жасы 20-25 жас аралығында. Олар көбі Қылмыстық кодекстің "Терроризм актісі" бабымен күдікке ілініп, екі айға қамалған. Бұдан бөлек "Бұзақылық" (293-бап), "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" (269-бап) айыптары да тағылған. Қамауға алынғандардың ішінде студенттер де бар.

- 4 қаңтар күні ұлым Әділет Оралбай достарымен бірге туған күнін тойлауға шыққан. Жиналған қалың адамды көріп, телефонына видео түсірген. Тергеушілер балаңыз "Шал, кет!" "Шымкент алға!" деп айтты дейді. Соған "террорист" дейді. Террорист болуы мүмкін емес, - дейді күдіктінің анасы Гүлсара Мырзаханова көзіне жас алып.

Жиналғандар балалары қамалғаннан бері карантин болып, енді көргенін, оларға шыққан қаулымен танысқанын айтады. Олар балаларын заңсыз ұсталды, негізсіз айып тағылған деп санайды және Қазақстан халқынан, президент Тоқаевтан балаларының жазықсыз сотталып кетпеуі үшін істі бақылауға алуды сұрайды.

Шымкентте наразылықтар 4-6 қаңтар күні өтті. Бейбіт басталған митингінің соңы бүлікке ұласты, оқ атылды, көліктер өртенді. Қала әкімдігі мен оның жанындағы мемлекеттік мекемелер бүлінді, кейбірі өртенді. Оқиға кезінде 120-дан аса адам жарақаттанып, бірнеше адам қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG