Accessibility links

Донбастағы соғыс туралы фильм АҚШ кинофестивалінде марапатталды


Малайзияның Донбаста атып түсірілген МН17 әуе рейсі ұшағының қалдықтарын Украинаның Харьков қаласына алып бара жатқан сәт. Украина, 23 қараша 2014 жыл
Малайзияның Донбаста атып түсірілген МН17 әуе рейсі ұшағының қалдықтарын Украинаның Харьков қаласына алып бара жатқан сәт. Украина, 23 қараша 2014 жыл

Украина режиссері Марина Эн Горбачтың "Клондайк" фильмі АҚШ-тағы Санденс кинофестивалінде әлем киносындағы үздік режиссурасы үшін марапатталды.

Фильм Украинаның Донецк облысында тұратын ерлі-зайыпты адамдардың Донбастағы әскери қақтығыс пен 2014 жылы шілдеде Малайзияның "Боинг" ұшағы апатқа ұшырағаннан кейінгі өмірлері қалай өзгергенін әңгімелейді.

"Әлемнің үздік деректі фильмі" категориясы бойынша үздік режиссура үшін берілетін сыйлық Украина, Дания, Швеция және Финляндия режиссерлері бірігіп түсірген "Дом из заноз" фильміне тапсырылды. Бұл фильм Донбаста, майдан шебіне таяу жердегі тұрған балалар үйінің өміріне арналған.

"Фильм авторларының командасын жеңістерімен құттықтаймыз және Украинаға назар аударған барша шетелдік серіктестерімізге қиын кездері мемлекетімізге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз", – дейді Украинаның кино мәселелері бойынша мемлекеттік агенттігі.

"Клондайк" фильмі сыйлықты Адам құқығы жөніндегі Еуропа соты Украина мен Нидерландының "МН17 ұшағын жойғаны және Донбастағы соғыс кезінде адам құқықтарына нұқсан келтіргені үшін" Ресейге қарсы түсірген шағымын қарауды бастаған кезде алып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG