Accessibility links

Ұлыбритания Кремльге жақын олигархтарға санкция енгізуді жеңілдетпек


Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс.
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс.

Британ үкіметі жақын күндері парламентке Ресей банктері мен энергетика компанияларына және "Кремльге жақын олигархтарға" санкция салуға мүмкіндік беретін заң жобасын енгізбек. Бұл туралы жексенбіде Ұлыбритания сыртқы істер министері Лиз Трасс мәлімдеді.

Бұл шаралар Ресей әскерінің Украинаға басып кіру қаупіне байланысты қолға алынған. Бірақ Мәскеу ондай жоспары жоғын айтады. Батыс болса Ресей әскерін шоғырландырған Украина шекарасы маңынан әзірге деэкскалация нышаны байқалмайды дейді.

Британ билігі енгізгелі отырған шаралардың егжей-тегжейі әзірге белгісіз. Әйткенмен Трасстың сөзінше, британ билігі Кремльге қатысы бар деген күдікке ілінген кез-келген азамат пен компанияға санкция енгізу процедурасын жеңілдетпек.

"Ресей режимі мен Кремль мүддесін көздейтін кез-келген компания санкцияға ілінуі мүмкін. Сондықтан путиндік олигархтар мен Ресей билігін қолдайтын ресейлік компаниялар құтыла алмайды" деді Sky News-ке берген сұхбатында британ сыртқы істер министрі.

Ол тіпті Ұлыбритания аумағындағы ресейлік олигархтардың жылжымайтын мүлкі тәркіленуі мүмкін екенін де айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG