Accessibility links

Канада Киевтегі дипломаттарының бір бөлігін елге қайтармақ


Канаданың Украинадағы елшілігі.
Канаданың Украинадағы елшілігі.

Канада Киевтегі елшілігіндегі Украинадағы болуы аса қажет емес қызметкерлер мен дипломаттардың отбасыларын елге қайтармақшы. Бұл туралы Канада билігі жексенбіде мәлімдеді.

Канада сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Киевтегі дипломатиялық миссия жұмысын жалғастырып жатыр. Ал эвакуация қауіпсіздік мақсатында жүзеге асырылмақ.

Бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания және өзге бірнеше мемлекет Украинадағы өз дипломаттарын елге қайтарған.

Бірақ Еуропа одағы елдерінің көбі мұндай шараға барған жоқ. Киев болса, өздеріндегі қауіпсіздік жағдайын бақылауда ұстап отырғанын айтып, дипломаттардың кетуін сынға алған еді.

Былтыр күзден бері ақпарат құралдарында Ресей әскерінің Украина шекарасы маңына шоғырланғаны туралы көп мәлімет жарияланды. АҚШ пен өзге де Батыс елдері Мәскеу әскери шабуылға дайындалып жатыр деп болжайды. Кремль мұны жоққа шығарып отыр.

Батыс елдері егер Мәскеу Украинаға басып кіретін болса, Ресейге "бұрын-соңды болмаған" санкция салатынын ескерткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG