Accessibility links

Лондонда қазақ елшілігі алдында қаңтар оқиғасын ашық зерттеуді талап еткен пикет өтті


Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі алдындағы наразылық акциясы. 30 қаңтар 2022 жыл.
Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі алдындағы наразылық акциясы. 30 қаңтар 2022 жыл.

30 қаңтарда бір топ белсенді Қазақстанның Лондондағы елшілігі алдында акция өткізіп, қазақ билігінен қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандарды азаптауды тоқтатып, ашық зерттеу жүргізуді талап етті.

Олар үстіне қызылға боялған жұмысшылардың ақ түсті киімін киіп, Қазақстан туын және "Қазақстанға шынайы демократия керек", "Қазақстандық тирандарға санкция енгізілсін", "Азаптауды тоқтатып, тергеуді бастаңдар", "Полиция адамдарды тірідей алып кетіп, өлі қайтарды", "Жалған айтуды тоқтатып, саяси реформалар жасаңдар" деген жазулар ұстап тұрды.

Белсенділердің бұл акциясы Ұлыбритания парламентінде "Жемқорлыққа қарсы санкциялар және Қазақстан" деген 3 ақпанға белгіленген дебаттар алдында өтті.

28 қаңтарда осындай киім киген белсенділердің акциясы Германия астанасы Берлинде де өткен. Қаңтар оқиғаларында қаза болғандардың суреттерін көтерген қазақ диаспорасының өкілдері қуғынды тоқтатуды және ашық тергеу жүргізуді талап еткен. Олар Еуропа билігіне қайырылып, ашық тергеу жүргізуге және репрессиялар мен азаптауларды тоқтатуға көмек беруге шақырған.

Алматыдағы қанды қаңтар оқиғасына дейін "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының мүшелері арт-перформанс ұйымдастырған. Олар Қазақстан заңдарын құрметтейтін азаматтарды белгілейтін жұмысшылардың ақ түсті киімін киіп, оған қызыл түсті бояу шашып шыққан. Осылайша олар 1986 жылғы Желтоқсан және 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларының құрбандарын да еске алған.

29 қаңдарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 227 адамның өмірін қиған қаңтар оқиғаларын халықаралық деңгейде зерттеуге қарсы болды. Ол елдегі тәртіпсіздікке "бандиттер мен террористер" ғана кінәлі екенін тағы қайталады. Бірақ бұл сөздеріне дәлел келтірмеді.

Еуропарламент 20 қаңтарда "Қазақстан халқына қарсы жасалған шабуыл мен қылмысты халықаралық деңгейде зерттеу қажеттігіне" байланысты резолюция қабылдады. Еуропарламент депутаттары қаңтар оқиғаларында адам құқығын бұзғаны үшін Қазақстан шенеуніктеріне қарсы санкция салу мәселесін қозғаған.

"Біржақты құжат". Еуропарламент қарарына Қазақстан қалай реакция танытты?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:49 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG