Accessibility links

Алматы әкімдігі белсенділерге қаңтар оқиғасын еске алып, азалы митинг өткізуге рұқсат бермеді


Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген ғимаратты матамен жауып жатқан жұмысшылар.
Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген ғимаратты матамен жауып жатқан жұмысшылар.

Алматы әкімдігі белсенділерге қаңтар қырғынын еске алып, митинг өткізуге рұқсат бермеді. Белсенді Марат Тұрымбетов 2 ақпанда Facebook парақшасында биліктің 13 ақпан күнге жоспарланған Qantar 2022 азалы митингісін өткізуге рұқсат бермегенін жазды.

"Олар үшін қаңтар оқиғасы мен құрбан болған азаматтар маңызды емес сияқты, халықпен диалог болмайтыны айдан анық. Алматыға тағайындалған әкім Досаев осылайша халыққа қатынасын көрсетті және демократияландыру бағытына қарай бет бұрмайтынын дәлелдеді" деп жазды белсенді.

Әкімдік берген жауабында мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына сүйене отырып, қалада қоғамдық шара өткізуге болмайтынын еске салған. Әкімдік өкілдері сонымен бірге митингіні Махатма Ганди мен "Сарыарқа" кинотеатрының артында ғана өткізуге болатыны атап айтқан.

Бірақ соған қарамастан белсенділер 13 қаңтарда Республика алаңында азалы митинг өткізетінін айтып отыр.

  • Биыл қаңтарда Жаңаөзен мен Ақтау қалаларында сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты жаппай наразылық басталып, оның соңы ел аумағында тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа ұласқан. Басқа аймақтарда болған қақтығыс, атыс кесірінен кемінде 227 адам қаза болды. Ал Маңғыстаудағы бейбіт митинг кезінде тәртіп бұзу болған жоқ. Ақтау мен Жаңаөзендегі митингілер кезінде халық билікке саяси және экономикалық талаптар қойып, саяси жүйені толық ауыстыруға үндеген. Митинг лидерлерінің айтуынша, соңғы күндері жұртты арандатуға тырысқандар көбейген. Ақтаудағы наразылық жиынын билік өкілдері мен әлдебір белгісіз адамдар 8 қаңтарда "қуып таратқан".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG