Accessibility links

Сот "саяси жүйені өзгерту туралы" жазба жариялаған белсендіні мерзімінен бұрын босатпады


Белсенді Сәбит Сыздықбек. Шымкент, 4 ақпан 2020 жыл.
Белсенді Сәбит Сыздықбек. Шымкент, 4 ақпан 2020 жыл.

3 ақпан күні кешке Түркістан облысы Отырар аудандық соты "тыйым салынған ұйым жұмысына қатысқаны" үшін 1 жыл 6 ай бас бостандығы шектелген азаматтық белсенді Сәбит Сыздықбекті мерзімінен бұрын жазадан босатпады. Бұған белсендінің Facebook жазбасы "кедергі келтірді". Былтыр белсендінің бас бостандығын шектеу жазасын қамауға алмастыру туралы қаулысын облыстық сот бұзған еді.

62 жастағы белсенді жазаның үштен екісін өтеген соң заң шеңберінде мерзімінен бұрын тоқтатуды сұрап, аудандық пробация бөліміне жүгінген. Пробация бөлімі істі сотқа өткізген.

3 ақпан күнгі сот отырысында пробация бөлімі қызметкері белсендінің талаптарды уақытында орындағанын, бірақ 3 жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналыспау тәртібін сақтамай, Facebook парақшасына "Саяси жүйені өзгерту керек. Сонда ғана еліміздегі тұрмыстық жағдай жақсарады" сияқты көзқарасын жариялағанын жеткізді. Прокурор пробация бөлімі қызметкерінің сөзін алға тартып, белсендінің жазасын мерзімінен бұрын тоқтатуға қарсы шығып, соттан оның өтінішін қанағаттандырмауды сұрады.

Сот "Сыздықбек өзінің түзелгенін дәлелдей алмағанын" алға тартып, оның өтінішін қанағаттандырмай, қалған 3 ай 23 күн шартты жазасын толық өтеуге шешім шығарды.

- Өз көзқарасымды жазамын, бұл – қылмыс емес. Соттың шешіміне аппелляциялық шағым түсіремін, - дейді Сәбит Сыздықбек.

2021 жылдың 10 тамызында Отырар аудандық соты Сыздықбек "заңды белгіленген талаптарды орындаудан қаскөйлікпен жалтарғаны" үшін бас бостандығын шектеу жазасын түрмеге қамаумен алмастырған. Бұл қаулыны облыстық сот бұзған.

Сыздықбек 2020 жылдың ақпан айында Facebook парақшасында Нұр-Сұлтан соты экстремистік ұйым деп таныған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын қолдайтынын айтып (бұл ұйымды Еуропарламент "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған), видеоүндеу жариялағаны үшін 2021 жылы наурызда бас бостандығы бір жарым жылға шектеліп, 3 жылға дейін әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынған.

Оған дейін белсенді Шымкентте өткен түрлі наразылыққа қатысып, әкімшілік жазаға тартылған.

Қарай отырыңыз: Бір адамдық пикет өткізіп жүрген белсенді сотталды (4 ақпан 2020 жыл).

Бір адамдық пикет өткізіп жүрген белсенді сотталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG