Accessibility links

Bloomberg жаңылысып, Ресейдің Украинаға шабуыл жасағаны туралы қате хабар жариялады


Украинамен шекараға шоғырланған Ресей әскері. Спутниктен түсірілген көрініс. 5 желтоқсан 2021 жыл.
Украинамен шекараға шоғырланған Ресей әскері. Спутниктен түсірілген көрініс. 5 желтоқсан 2021 жыл.

4 ақпанда Bloomberg агенттігі Ресейдің Украинаға шабуыл жасағаны туралы LIVE деген белгісі бар бір сөйлеммен хабарлама таратты. Кейін агенттік қателескенін мойындап, кешірім сұрады.

Хабарлама сайтта жартты сағаттай ілініп тұрған.

Агенттік оқиғаны зерттеуге уәде берді. Bloomberg мәлімдемесінде редакция көптеген оқиғаның даму ықтималдығына қарай алдын ала тақырыптар дайындап қоятынын жеткізген.

Былтыр күзде Bloomberg агенттігі барлау деректеріне сүйене отырып, Украинамен шекараға Ресей әскерінің көп шоғырланғанын алғашқылардың бірі болып хабарлаған. Батыс елдері Мәскеу көрші елге басып кіруге дайындалып жатыр деп болжайды.

Ресей барлық болжамды жоққа шығарып, АҚШ пен НАТО-ға бірқатар талап қойған. Атап айтқанда, НАТО-ны кеңейтпеу, Еуропада Америка зымырандары мен ядролық қаруларын орналастырмау және тағы басқа талаптар бар.

Қаңтар айындағы келіссөздерден нәтиже шықпады. Тараптар талқылауды жалғастыруға келіскен.

Ал немістің Bild басылымы Ресейдің Украинаға басып кіру жоспарын сипаттаған мақала жариялады. Онда журналистер сыртқы барлау есебіне сүйенген. Ақпарат құралдарының жазуынша, жоспарға сәйкес Мәскеу "халық радасын" құрып, Жоғарғы раданы заңсыз деп жариялайды.

Мәскеу мақаладағы жайттарға түсініктеме бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG