Accessibility links

"Неміс толқынын" қолдаған АҚШ-қа Ресей "қос стандарт" туралы уәж айтты


Нед Прайс

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Нед Прайс немістің Deutsche Welle ("Неміс толқыны") медиакомпаниясын қолдап сөйледі. Бұған дейін Ресей Германияның Ресей мемлекеттік RT телеарнасының жұмысын шектегеніне жауап ретінде "Неміс толқынының" Мәскеудегі редакциясын жабу туралы шешім шығарған.

"АҚШ DeutscheWelle медиакомпаниясының Мәскеудегі кеңсесін жабу туралы Ресей билігінің шешімін айыптайды. Біз тәуелсіз баспасөз, саяси оппозиция мен азаматтық қоғамға жасап отырған Ресей қысымына ұшыраған Deutsche Welle медиакомпаниясын қолдаймыз", – деп жазды Прайс 4 ақпанда Твиттер аккаунтына.

Ресейдің АҚШ-тағы елшілігінің Твиттер-аккаунтында АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің сөзіне жауап пайда болды.

"Бұл мәлімдеме – қос стандарттың тағы бір мысалы. Берлин DE RT арнасына тыйым салғанда "жоғары демократиялық құндылықтар қайда қалыпты" дейді Ресей дипмиссиясы.

Бейсенбі күні Ресей сыртқы істер министрлігі Германияның әрекетіне жауап ретінде Мәскеудегі "Неміс толқынын" жабатынын хабарлаған. "Неміс толқыны" мұнан былай Ресейде шетел агенті санатына жатқызылуы мүмкін. "Неміс толқыны" журналистерінің аккредитациясы жойылған.

Ресей билігінің шешімінен кейін Deutsche Welle телеарнасы Мәскеудегі офисін құлыптады.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Мәскеудің Германиямен бұл мәселе бойынша келісімге келуге дайын екенін хабарлады.

Бұған дейін Германия сыртқы істер министрлігі Deutsche Welle мен RT DE арнасын салыстыруға болмайтынын, Deutsche Welle Ресей заңымен жұмыс істейтін тәуелсіз БАҚ екенін айтқан болатын. Ал RT DE Германия билігінен эфир таралымы жөнінде лицензия сұрамаған. Германия Ресей телеарнасына өзге БАҚ-тармен бірдей талап қойылған. "Телеарна заң бойынша Германия билігінің шешімі бойынша сотқа жүгінеді алады" деп хабарлайды Германия сыртқы істер министрлігі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG