Accessibility links

Өзбекстан Қазақстанмен шекарадан заңсыз қару-жарақ алып өтпек болған топтың ұсталғанын хабарлады


Өзбекстан шекара кеден комитеті таратқан сурет.
Өзбекстан шекара кеден комитеті таратқан сурет.

Ташкент және Ферғана облыстарында өзбек шекарашылары "қару-жарақты заңсыз тасымалдаған" топты ұстаған.

Шекара кеден комитетінің мәліметінше, оқиға Қазақстанмен арадағы "Гишткуприк" өткізу бекетінде болған. Қазақстаннан келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігін тексеру барысында бір пневматикалық тапанша, екі газ баллон және 310 оқ табылған.

Тағы бір осындай оқиға "С.Наджимов" өткізу бекетінде орын алған. Көлік ішіндегі шаңсорғыштың ішінен оқ-дәрілер мен тапанша табылған.

"Ферғана" әуежайының кеден бекетінде Д.Ж. деген азаматтан қару табылған. Жасыл дәліз арқылы өткен азаматтың әлденеге алаңдауы кеденшілердің күдігін туғызған.

Қазір бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG